USD447.4EUR477.55RUB4.76

АҚСУАТ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ НАУҚАСТЫҢ ҚОЛЫН САҚТАП ҚАЛДЫ!

17 наурыз 2023, 11:07
2023 жылдың 03 наурызы сағат 22:00-де Ақсуат аудандық ауруханасына жедел жәрдеммен шынтақ буынындағы жарақатпен 46 жастағы науқасты жеткізді
АҚСУАТ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ НАУҚАСТЫҢ ҚОЛЫН САҚТАП ҚАЛДЫ!

Науқастың айтуынша, үйде абайсызда сүрініп құлап, ішкі есіктің әйнегіне қолын жарақаттаған. Көп мөлшерде қан кеткендіктен науқас үй жағдайында ширатылған матаны байлап, 103 жедел жәрдем шақырған. 
Жедел жәрдем бөлмесінде шұғыл операциялық топ жасақталды. Хирургтер матаны алып тастап, жараға ревизия жасады. Иық артериялары мен венаның толық кесілгені анықталды. Науқас өте көп қан жоғалтқан. Артериялық қысым 80/50 мм сынап бағанасы мөлшерін көрсеткен. 
Анестезиолог-реаниматологтардың, трансфузиологтың жылдам әрекеттерінің арқасында гемодинамикалық көрсеткіштерді тұрақтандыру мүмкін болды. Науқас дереу операция бөлмесіне жеткізілді.
Негізгі міндет оң қолдағы қанды қалпына келтіру болды.
Хирург-ангиолог  Ринат Нұрқасимов, хирург Қабдылкаримов Е.Ж. микрохирургиялық тігіс әдісін қолдана отырып, иық артерияларының зақымдануын қалпына келтіре алды. Оң қолдың қан айналымы толығымен қалпына келтірілді.
Операция 2 сағатқа жуық уақытқа созылды. Дәрігерлер науқастың өмірін ғана емес, оң қолын да аман алып қалды. 10-шы күні науқас қанағаттанарлық жағдайда шығарылды: саусақтары жылы, сезімталдық және қимыл-қозғалыс сақталған.
Бұл шұғыл операция ТМККК аясында жүргізілді. Науқас ұзақ уақыт бойы оңалту және қалпына келтіру кезеңінен өтеді, одан кейінгі барлық тексерулер,  дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету медициналық сақтандыру қоры есебінен болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar