USD448.15EUR483.46RUB4.86

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҮШЕМНІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

15 наурыз 2023, 14:58
Жақында Облыстық перинаталдық орталықта шала туылған үш нәрестеге кардиохирургиялық операция сәтті жасалды. Шақалақтар 27 аптасында туылған егіздер және жүктіліктің 25 аптасында туған қыз бала.
АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ҮШЕМНІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Перинаталдық орталық директорының міндетін атқарушы Гүлнар Қалиақпарова:

— «Сәбилердің өмірі Перинаталдық орталықтың неонатолог-дәрігерлерінің, сондай-ақ Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының және санитарлық авиацияның дұрыс үйлестірілген жедел жұмысының арқасында аман қалды.

​ Ашық артериалдық өзек — қалыпты жағдайда эмбриональды қан айналымын қамтамасыз ететін және туғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда облитерацияға ұшырайтын аорта мен өкпе діңі арасындағы жұмыс істейтін патологиялық байланыс. Дегенмен, біздің кішкентай нәрестелерімізде ем барысында ашық артериалдық өзек жабылмады.

Ашық артериалдық өзек – негізінен шала туылған нәрестелерде болатын жүрек ақауы, уақыт өте келе бұл жүрек жеткіліксіздігі мен тыныс алудың қиындауына ​ әкеледі.

Консервативті емнен кейін тиімсіздігіне байланысты ашық артериалдық өзекті кесу жүргізілді.

Сәбилерге ота жасауды біздің дәрігерлермен бірге Астанадағы ҰҚКК-нің мамандары жасады. Кардиохирург Ғалымжан Өтегенов пен анестезиолог-реаниматолог Нұржан Мырзахметов бірнеше рет сәбилерімізге кардиохирургиялық көмек көрсетті. Отадан кейін жаңа туылған нәрестелердің жағдайы бірден жақсарып, динамикасы тұрақты болды. Қазіргі уақытта кішкентай науқастарымыз өз­ерін жақсы сезініп, денсаулықтары жақсаруда», — деді Гүлнар Қалиақпарова.

Айта кетейік, мұндай операциялар МӘМС аясында толығымен тегін жүзеге асырылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar