USD443.85EUR474.3RUB4.8

Абай облысының медициналық сақтандыру қорының директоры Ғалымжан Әбілов Ақсуат ауданында есеп беру кездесуін өткізді

15 наурыз 2023, 12:59
10 наурызда Абай облысының медициналық сақтандыру қорының директоры Ғалымжан Әбілов аудан әкімінің орынбасары, Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары және Ақсуат аудандық ауруханасының бас дәрігерімен бірге есеп беру кездесуін өткізді.
Абай облысының медициналық сақтандыру қорының директоры Ғалымжан Әбілов Ақсуат ауданында есеп беру кездесуін өткізді

Кездесу барысында ауылдар мен аудандарда сапалы медицина ұсынуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Ғалымжан Нұржаубайұлы өз кезегінде ауданда сақтандырылмаған халықтың төмендеуі байқалғанын, 01.01.2023 ж. жағдай бойынша – 2 916 адам екенін атап өтті.
МӘМС аясында өткен жылы 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, 2023 жылға аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге 1.2 млрд теңге қарастырылды. 
Мақсатты топтардағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Осылайша, 3 000-нан астам пациент 100 млн теңгеден астам сомаға дәрі алды. 
2022 жылы «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» АЖ деректеріне сүйенсек, Ақсуат ауданы бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражаты өсімінің пайызы 17% құрады.
«Қор жеткізушілері халыққа ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша көрсеткен медициналық қызметтерге ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен қағидаларын, сондай – ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжаттармен расталған, факті бойынша көрсетілген қызметтерге ғана ақы төленеді», - деп түсіндірді филиал директоры Ғалымжан Нұржаубайұлы.
Кездесу соңында медициналық сақтандыру қорының директоры және Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Таңатарова Гүлназ азаматтарды жеке қабылдап, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін медицина қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar