USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семей қаласының Перинаталдық орталығы: шала туылған нәрестелердегі ретинопатияны емдеуді қолға алды

13 ақпан 2023, 14:24
Абай облысының Перинаталдық орталығында орнатылған жаңа қондырғы мерзімінен ерте өмірге келген шақалақтарда жиі кездесетін ретинопатияны тез анықтап, емдеуге көмектеседі.
Семей қаласының Перинаталдық орталығы: шала туылған нәрестелердегі ретинопатияны емдеуді қолға алды

Орталықтың неонаталдық қызмет меңгерушісі Гүлжазира Дүйсекенованың айтуынша, шала туылған нәрестелерді мүгедектікке әкелетін ретинопатия неврологиялық патологиядан кейін екінші орында тұр.

«Біздің перинаталдық орталықта бұрын мұндай ота түрін жасауға мүмкіндік болмаған, сондықтан олар кішкентай науқастарын басқа емдеу мекемелеріне апаруға мәжбүр болды. Офтальмологтар ретинопатияны емдеу алғашқы бірнеше сағаттар, тіпті минуттар ішінде қолға алынуы тиіс шара екендігін айтады. Бүгінгі күні көз торының лазерлік коагуляциясы соқырлықтан сақтай алатын белсенді ретинопатияны емдеудің жалғыз жалпы қабылданған әдісі болып табылады. Көздің торлы қабығының бұзылуын болдырмау үшін дәрігерге тек 24 пен 72 сағат аралығында беріледі. Уақыт жоғалса, балаға көмектесу екіталай», – дейді Гүлжазира Дүйсекенова.
Айтпақшы, медициналық мекеме жыл басынан бері қауіп тобындағы 30 балаға тексеру жүргізіп, ретинопатия диагнозымен 9 бала анықталғанын, оның ішінде 4 кішкентай науқасқа ота жүргізілгендігін жеткізді.

Айта кету керек, бұл көмектер кепілдендірілген медициналық көмек және МӘМС аясында Қордың активтерінен қаржыландырылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar