
Бұрын олар МРТ- ға түсу үшін, басқа қалаларға бару керектігін атап өткен болатын. Енді міне, 5 айдың ішінде Абай облысы әкімінің тапсырмасы орындалды.
Жаңа жыл қарсаңында, ядролық медицина және онкология орталығының базасында алғаш рет облыс тұрғындары үшін маңызды зерттеулер өткізілді.
Зерттеулер «МУС» КЕАҚ Университеттік ауруханасымен бірлесе отырып рентгенолог дәрігерлердің, анестезиологтардың және реаниматологтардың қатысуымен ұйымдастырылды.