USD446.49EUR475.38RUB4.79

Бала денсаулығы - басты назарда

19 желтоқсан 2022, 15:30
Жыл басынан бері өңірде мыңнан астам қызметтер сәбилердің көз ауруларын емдеу бойынша МӘМС шеңберінде көрсетілген.
Бала денсаулығы - басты назарда

Офтальмологтар балалардағы көз ақауларын емдеуді ертерек бастамаса, ол асқынып кеткенде көз жанарын қалпына келтіру мүмкін емес екендігін ескертеді.

Осы жылдың 10 айында 200-ден астам абай облысының кішкентай тұрғындарына 5 мыңнан аса көз ақауларын аппараттық емдеу қызметтері көрсетілген.

Атап өтейік, аймақта медициналық қызметтің бұл түрлері Өскемен қаласындағы облыстық ана мен бала орталығы және Семей қаласындағы Astana Vision клиникасында қолжетімді.

Мамандардың айтуынша, көз қитарлығы -бұл балаларда жиі кездесетін көз ақауы. Баланың келбетіндегі ақау- бұл бар болғаны косметикалық ақау, айсбергтің ұшы ғана. Аурудың негізгі қаупі - көру қабілетінің біртіндеп төмендеуі, уақыт өткізіп алса, оны ересек жаста емдеу мүмкін емес.

«Көз қитарлығының түрі көп. Туа біткен қитарлық бірден байқалады. Жаңа туған нәрестенің көзқарасы екі айға дейін бір нүктеге тұрақтамай тұруы қалыпты жағдай деп саналады. Алайда екі айдан кейін де тоқтамаса, онда дәрігерге қаралу керек. Ең жиі кездесетін түрі – екі-үш жастағы екі көздің де қитарлығы. Бұл - туа біткен емес, ерте пайда болған ақау. Оның себептері көп», -дейді дәрігер.

Офтальмологтың айтуынша, аурудың себептерінің бірі –аметропия, көздің жарық сәулесінің сынуын қабылдау қабілетінің өзгеруі. Көбінесе көз қитарлығы рефракцияның ауытқуларымен байланысты болады.

Хирургиялық жолмен емдеу ақаудың түріне байланысты бірінші кезеңде немесе соңғы кезеңде жүргізілуі мүмкін. Алдымен оптикалық түзету тағайындалады, мысалы, көзілдірік тағу ұсынылуы мүмкін. Әрі қарай, қитар көзден миға өтетін, ұйықтап жатқан жүйке жолдарын ояту керек. Ол үшін жақсырақ көретін көзге жапсырмалар жапсырады немесе қарашықты ұлғайтатын көз тамшылары қолданылады, бұл қитар көздің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Содан кейін офтальмолог арнайы құрал – синоптофордың көмегімен баланың миын екі көздегі суреттерді бір суретке "біріктіруге" мәжбүрлейді екен.

Емдік курс аяқталғаннан кейін нәтижені бекіту үшін және көз қитарлығының қайтып келуіне жол бермеу үшін арнайы компьютерлік бағдарламалар қолданылады.

Айта кетейік, осындай патологиясы бар балалар өздері тіркелген емханадан берілген жолдамамен МӘМС шеңберінде тегін аппараттық ем ала алатынын ескерткіміз келеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar