USD449.58EUR486.94RUB4.86

Баланың денсаулығы – басты назарда

07 желтоқсан 2022, 14:58
Абай облысында жыл басынан бері ерекше қажеттіліктері бар 1300-ден астам бала оңалтудан өтті.
Баланың денсаулығы – басты назарда

2022 жылдың басында Семейде оңалту және ерте араласу орталығы ашылған болатын. Мұнда аймақтағы ерекше қажеттіліктері бар балалар сапалы, әрі мамандандырылған медициналық оңалтудан өте алады.

Екі жарым жастағы Нұрхан Талғаттың туа бітті церебральды сал ауруы бар. Анасы екеуі жыл басынан бері оңалтудан өту үшін осында Үржар ауданынан екінші рет келген.

«Орталыққа алғаш келгенде Нұрхан әлсіз болды, өздігінен қимыл жасай алмайтын. Қазір анағұрлым бекіп қалды. Мойнын ұстап, басын қозғалтқысы келеді. Оңалту емін жаңа заманауи ғимаратта өтіп жатқанымызға қуаныштымыз. Дәрігерлерге, орталық мамандарына алғысымыз шексіз», - дейді бүлдіршіннің анасы Гүләйім Талғат.

Оңалту және ерте араласу орталығының жетекшісі Жанар Кабденованың айтуынша, мекемеде медициналық оңалтудың инновациялық әдістері қарастырылған. Абай облысында 1300-ден астам бала медициналық оңалту курсынан өткен.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar