USD523.58EUR549.71RUB5.01

МӘМС есебінен ми тамырларына ота жасауға мүмкіндік бар

07 қараша 2022, 15:12
Бұдан былай Абай облысының тұрғындары МӘМС есебінен ми тамырларын қалпына келтіру бойынша жоғары технологиялық ота жасата алады.
МӘМС есебінен ми тамырларына ота жасауға мүмкіндік бар

Семей қаласында жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесінде ишемиялық инсульт кезінде ми тамырларына экстра-интракраниальды микроанастомоздың реконструктивті ота жасау жүргізіле бастады.

Қазіргі уақытта екі операция жасалды. Абай облысының 52 жастағы тұрғынында бірнеше рет инсульт алып, аяқ-қолында әлсіздік байқалған. МӘМС есебінен әйелге ми тамырларын қалпына келтіру үшін жоғары технологиялық ота жасау ұсынылды. Ота бірнеше сағатқа созылды және сәтті аяқталды. Науқас қазір үйіне шығарылып, оңалтудан өтуде.

Хирургиялық араласу қанмен қамтамасыз етуді жақсартады. Инсульттің қайталануынан қорғайды. Айта кету керек, тамырларды тігуге арналған жіптерді қарапайым көзбен көру мүмкін емес, олар адам шашынан 10 есе жұқа.

Мамандар мұндай ота жоғары технологиялық медициналық көмек санатына жататынын және МӘМС шеңберінде жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде көрсетілетінін атап өтті. Сондықтан науқас адамның медициналық қызметтердің барлық түрін алуы үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры өңір тұрғындарына МӘМС жүйесінде төлемнің жаңа балама әдісін пайдалануды ұсынады. 5 қыркүйектен бастап тұрғындар алдын-ала бір жылға сақтандырыла алады. Ал оған дейінгі 12 айдағы қарызды өтеудің қажеті жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar