26 қазаннан бастап үш апта бойы Абай облысының ядролық медицина және онкология Орталығында Бохумдағы (Германия) Рур университетінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы Ханс-Вернер Кравцак панкреатодуоденальды аймақтағы ісіктері бар науқастарды емдеу сапасын жақсарту бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.
Облыстық онкологтар Германиядан келген профессормен бірлесіп, оқыту семинарларынан басқа онкологиялық аурулардың клиникалық және күрделі жағдайларын талдайды.
Айта кету керек, профессор Ханс-Вернер Кравцак хирургияның барлық негізгі салаларында, әсіресе висцеральды, кеуде, тамыр және травматологиялық хирургия мен ортопедияда көп жылдық тәжірибесі бар әлемнің жетекші сарапшыларының бірі.
Сарапшы сонымен қатар іш пен қалқанша безді, асқазан мен ішектегі қатерсіз және қатерлі ісіктерді, өңеш пен ұйқы безінің қатерлі ісігін, өт жолдары мен бауыр хирургиясын, соның ішінде ішінара гепатэктомияны хирургиялық емдеуде көп жылдық тәжірибеге ие.
Сарапшының кәсіби дағдылары қатарында ірі хирургиялық операциялар және күрделі обыр ауруларын, жарақаты шағын бейне эндоскопиялық операциялар, ашық хирургия және өкпеге, висцералды және өкпе плеврасына, көкірек қуысы мен кеудеге шағын жарақатты операциялар.
Оқыту семинарлары Германия үкіметі қорының жобасы шеңберінде өтеді, олар панкреатодуоденалды аймақтағы ісіктері бар пациенттерді емдеу саласындағы отандық онкологтардың білімі мен дағдыларын тереңдетуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар онкологиялық ауруларды емдеуде заманауи стандарттар мен тәсілдерді енгізуге, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.