Тізімге төрт орфандық ауру және 19 дәрі-дәрмек кірді.
"Жедел лимфобластикалық лейкоз (понатиниб), туа біткен генерализацияланған берардинелли-Сейп липодистрофиясы (метрелептин), жұлын бұлшықетінің атрофиясы (нусинерсен) және нейробластома (изотретионин) бар балалар амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі", – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Бұдан басқа, тізбеге эпилепсиясы бар балаларға жаңа дәрілік заттар (тетракозактид, этосуксимид, вигабатрин, сультиам, лакосамид, перапанел, фенитоин, зонисамид, стирипентол, клобазам), Дюшенн бұлшықет дистрофиясы (дефлазакорт) және созылмалы С вирустық гепатиті (софосбувир және ледипасвир) енгізілді.
2000-нан астам баланы жаңа дәрілік заттармен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Денсаулық сақтау министрлігі бүгінде 26 орфандық ауруы бар 13 977 пациент амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етілгенін атап өтті. Оның ішінде 3 499 бала. Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражаты есебінен орфандық аурулары бар 1 968 бала дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
ФОТО: news.myseldon.com