Осы қатарлы сауалдарға кардиолог маман Гүлайым Аманжол Асхатқызы жауап берді.
- Көптің көкейінде жүрген сұ-рақ. Неге адамдар жүрек ауруына шалдығады? Оның себептері қандай?
- Жүрек ауруының көптеген себептері бар. Ол адамның тұрмыс салты, экология, генетикалық тұрғысы, күн-делікті пайдаланылатын тағамдары бірнеше факторлар қосылып, дұрыс болмағанда сол кезде жүрек аурулары пайда болады. Жүрек аурулары, әртүрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді.
- Жүрек ауруының белгілері қандай? Адам баласы жүрек ауруына шалдыққанын қалай біледі? Оның ішінде қандай ауруға шалдыққанын қалай анықтайды?
- Ең бірінші егер адам баласында жүрек тұсы ауырса, жүрек ырғағы бұзылса, аяқта ісінуі пайда болса, бірден дәрігерге көріну қажет. Жалпы, жүрек ауруының екі түрі бар олар: жүре пайда болған жүрек аурулары және туа пайда болған ауру.
Туа пайда болған ауруға тоқталсақ: туа пайда болған жүрек дінкәсі көбіне нәресте анасының ішінде болғанда, ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен, тұқымқуалаудан пайда болады.
Ал жүре пайда болатын жүрек ауруы, негізінен, баспа, мерез, аурулардың асқынуынан болады. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде жүрек ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендеп, қол-аяғы ісінеді.
- Гүлайым ханым, жүрек ауруларына жекелеп аңықтама берсеңіз. Оның ішінде ишемиялық, инфаркт жайлы не айтасыз?
- Өте орынды сұрақ ишемиялық аурудың белгілері, адам әлсіреп тамаққа деген тәбеті болмай, әлсіздік, қолдың ауруы, ұйқысыздық, жүрек тұсы шаншып, ашып, ауырады сол жақ қол тұсының жауырын астына белгі береді.
Алдын алу жолдары бір-ден ЭКГ-ға түсіп, қан тапсырып, дәрігерге кем дегенде, айына 3 рет қаралып, денсаулыққа немқұрайлы қарамай уақытылы дұрыс тамақтанып, ұйқы режимін қалыптастыру керек.
Ең қауіптісі инфаркт елімізде 5 жыл бұрын бұл ауру 50 - 60 жастағы адамдар арасында кездессе, қазір уақытта 40 пен 55 жас аралықтарында жиі ауырыратын болған. Алғашқы белгілері кеудеде, жайсыздық сезіліп көкіректің орта тұсы қысылады. Содан-ақ, ауа жетіспеушілік, асқазан батып ауырады. Инфаркты болдырмау үшін денсаулыққа зиян тағамдардан майлы, тәтті, шылым, газдалған және спирт сусындардан міндетті түрде бас тарту керек.
- Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу жолдары қандай?
- Кез келген ауруды емдеу жолдары ең алдымен, асқазан жолдарын ретке келтіруден басталатыны белгілі. Денсаулықты сыртқы ортадан келетін түрлі зиянды заттардан, күйзелістен қорғау үшін мыналарды ескеру қажет.
Тамақтану рационы неғұрлым адам ағзасына қажетті, пайдалы элементтерден тұруы тиіс. Ол үшін ең тиімді жол күн сайын жейтін астың құрамы ақуыз, май және көмірсулардан тұрғаны жөн.
Күнделікті өмірде белсенді физикалық жаттығуларға уақыт табудың мәні зор. Өйткені, кез келген физикалық түрдегі қозғалыс көптеген соматикалық аурулардың алдын алады.
Егер деніңіз сау, көңіл-күйіңіз көтеріңкі, өзіңіз сергек жүргіңіз келсе, ең әуелі зиянды әдеттерге әуес болмағаныңыз дұрыс. Шылым мен спирттік өнімдер жүрек-қантамыр ауруларының ең үлкен себепшілері.
Дәрумендердің өмірімізде алар орны ерекше. Пайдалы өнім мен құнды микроэлементтер адам ағзасында жүретін маңызды процестерге жауапты.
- Өзіңіз білетіндей биылғы жылдың аса қауіпті індеті коронавирустың жүрек ауруына әсері бар ма? Қалай алдын алуға болады.
- Қазіргі кезде вирустың жүрекке тура әсері туралы дәлел жоқ. Алайда, жүйелі түрде болатын ауыр қабыну процестері аритмияны асқындырады немесе тіпті кей пациенттерді жүрекше фибрилляциясына алып келуі мүмкін.
Вирустың қабынатын әсерін ескере отырып, теориялық жағынан вирустық инфекция коронарлық артерияларда атеросклеротикалық түйіндақтардың май шөгін-ділері, үзілуін тудырып, бұл жіті коронарлық синдромға жүрек ұстамасына әкеледі деген қауіп бар. Әйтсе де, кеудесінде жайсыздықты жіті сезінетін адамдар коронавирус симптомдарының пайда болған кезінде міндетті түрде дәрігерге қаралуы тиіс.
Әзірше жүрек-қан тамыр аурулары бар пациенттерде «COVID-19» жұқтырғаннан кейін өкпе инфекциясы дамуының мүмкіндігі жоғары деген деректер жоқ, дегенмен, тұмау сияқты басқа вирустармен инфекцияның дамуына ұқсас болуы мүмкін. Егер де, адамдар жүрек-қан тамыр ауруларының симптомдарын коронавирус эпидемиясы көрінісінде сезінетін болса, оларды назардан тыс қалдырмауы тиіс. Денешынықтыру кезінде немесе тыныштықта жатқанда кеудеңізде ауыру сезімі пайда болып, тыныс алу қиындаса, жүрек қағысы жиіленіп немесе естен танатындай әлсіздікті сезінсеңіз, шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру қажет.
Жұқтыруды болдырмас үшін ұсынылатын профилактикалық шараларды мұқият орындау қажет.
Жүрек және қан тамырлары аурулары кезінде тағайындалған дәрі-дәрмекпен емделуді тоқтатуға болмайды. Бұл денсаулықтың жылдам нашарлауына әкелуі мүмкін.
Көріп тұрғанымыздай, жүрек тұсының ауруы үнемі кардиологиялық аурулардың белгілері болып санала бермейді. Алайда, екінші жағынан бұл ауырсынуларға бей-жай қарамау керек. Егер ауырсыну белгілері жиі байқала берсе, онда тез арада дәрігерге қаралу керек. Денсаулығыңызға неғұрлым ертерек көңіл бөлсеңіз, ол солғұрлым ұзақ әрі мықты болатынын естен шығармау керек!
- Өз іс-тәжірибеңізде жедел жәр-дем қызметкер ретінде көмек көрсеткен кезіңіз болды ма? Алғашқы көмек көрсету жолдарын атап өтсеңіз...
- Бірде аялдама да тұрғанымда кенеттен қасымдағы бір әйел адам ауырып жүрек тұсын ұстап отырып қалды. Бірден хал-жағдайын сұрадым, дер кезінде 103 жедел-жәрдем шақыртып қойдым. Өзімнің алғашқы көмек жағдайымды жасап салқын су мен валерянка бердім. Ол науқастан бірден қай жері ауырып тұрғаның аңықтап негізгі диагнозы ишемиялық жүрек ауры екеніне көз жеткіздім, ишемиялық белгі бірден көзі қарауытып ештеңе көрмей кеуде тұсы қысып алқынып ауырады. Жедел-жәрдем келгенше қасында болып, көзден таса қалдырмадым. Болашақта осындай жағдай бастарыныздан өтсе бірден науқастың аты-жөнің аңықтап жедел жәрдемге хабарласыңыздар.
Жүрек соғысыңызды қадағалаңыз, аяғыңызды биікке қойып, шалқаңыздан жатыңыз. Бұл оттегі жұтуға көмектеседі. Ашық терезе, есік немесе желдеткіш алдында жатып, кең тыныс алып, демалыңыз, жөтелмеңіз. Та-мақ, су ішпеңіз. Суды ішуіңізге болады, онда да, тек аспиринді асқазанда еріту үшін. Ең бастысы, қалтаңызда ұялы телефоныңыз бен дәріңіз жүрсін. Жүрек талмасы бұл өте кең тақырып болғандықтан, бүгінгі айтылған кеңестер тек тамшылары ғана деп біліңіз.
Халыққа пайдалы керекті ақпарат айттық деген сенімдемін сұхбатыңызға көп рахмет! Алдағы уақытта жұмысыңызға табыс, сәттілік тілеймін.
Сұхбаттасқан
Аяулым АҚЫЛЖАНҚЫЗЫ