USD439.43EUR473.31RUB4.82

Жаңа облыс әкімінің назарына айтылған үсыныс-пікір

17 маусым 2022, 12:26
Мұхтарбек Қарпықұлы Кәрімов - тарихшы ғалым, ұлағатты ұстаз.
Жаңа облыс әкімінің назарына айтылған үсыныс-пікір

Бірінші басшыға көп нәрсе байланысты екені белгілі. Қазіргі таңда қаламызда істейтін істер шаш етектен, қай жаққа қарасаң да тұралаған, жөндеуді қажет ететін дүниелер. Семей-Алматы бағытындағы халықты зар қақсатқан күре жолдан бастап, Ертістің өңірі, экологиясы, полигон мәселесі бәрінің де жағдайы оңып тұрғаны шамалы.  Қанды қаңтар оқиғасынан кейін талай нәрсе түбегейлі өзгеруге тиіс деген ойдамын. 

Бірінші ұсынысым, әділдік ауадай қажеттілік, сот әділ, сауда әділ, жұмыс беруші де әділ болу керек. Сол үшін билік басына жымқырулардан ада, халықшыл, ұлтшыл азаматтар келсе.  Жүрегі таза, еңбек адамын қадірлеу керек, депутаттар солардың арасынан көбірек сайлануы керек.

Екінші ұсынысым, біз Ресейге көршілес аймақта тұрып жатырмыз, топонимика мәселесі ылғи да өзекті. Орыс атауларын байырғы қазақы төл атауларға ауыстыру, қайтадан ежелгі қалпына келтіру керек. Мысалы, Бородулиха ауданы ежелден Белағаш, екі ғасыр бойы Белағаш деп аталып келді. Кейіннен 1944 жылы соғыстың кезінде Бородулиха болып ауысты. Таяуда ғана сол ауданға барған едім, әр 10-15 шақырым жерде тұрған ауылдардың атаулары (мысалы, Петропавловка, Зенковка, Воскресеновка дегендей) орысша сайрап тұр. Олардың жергілікті аттарын (біреуін Ақсақал деп атаған екен) біртіндеп қалпына келтіру әкімнің назарында болуы керек.

Бородулиха, Шемонайха, Новошульба жақтарда біздің ұлттың өкілдері кезінде аз болуы тарихи жағдайларға байланысты. Енді негізінен ғалымдар жұмыс істеуі керек. Жалғыз қазақтың ғана емес, ата-бабамыз ежелгі түріктердің топонимдерін жарыққа шығару керек. 

Үшінші ұсынысым, қаланың сәулеті ұлттық құндылықтармен ерекшеленуі керек. Мысалға Алтай тауы күллі түркінің отаны,  сондықтан Семей қаласы келбетінен түркілік нышандар бедерлі көрініп тұрса. Сондай-ақ, келген қонақтарға қаламыз Абай, Шәкәрімнің және  Алаш зиялыларының отаны екені менмұндалап тұрса.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar