USD448.15EUR483.46RUB4.86

Жаңа облыс әкімінің назарына айтылған ұсыныс-пікір

17 маусым 2022, 12:13
Адай Азаматов - мәдениет қайраткері, Жарма ауданының, сондай-ақ Моңғолия елінің Құрметті азаматы.
Жаңа облыс әкімінің назарына айтылған ұсыныс-пікір

Басқа облыстар құлап, шашырап жатқан кезде, бір кереметі, Семей төмендемеді. Әрине кем-кетіктері бар, алайда жолдары жөнделіп жатыр, жаңа ғимараттар салынып жатыр.  Өзім жақсы білетін Абай театрына келер болсам, оның проблемасы көп. Өйткені, қазақ және орыс  драма театры қатар иеленіп, көлемі таршылық қылуда. Оған «Дариға-ай» жастар театрын қосыңыз. Сөйтіп, қазір үш театр отыр, өте қиын. Спектакльге қажетті дайындық жасауға сахна босамайды. Кейде сахнада қалалық, облыстық науқан болып жатады.  Міне, осы таршылық салдарынан спектакльдің сапасы төмен түсіп кетті. Концерттік бағдарламадан   театрдың айырмашылығы спектакль кем дегенде бір ай  қойылуы керек. Мысалы, Мұхтар Әуезовтың «Қаракөзін» қойды, екі жұма ішінде ғана сахналанды. Ондай спектакль шала болады, дұрыс болмайды. Бір сөзбен айтқанда,  болашақта Семейімізге екінші театр керек, сондай-ақ, үлкен концерттік зал салынуы керек.  Абай кітапханасында өзінің залы бар. Азын-аулақ тиын-тебен бөлінсе, концерттік зал дайын тұр. Жаңасемейде «Океан» аумағында бір үлкен орын дайын тұр. Ол салынбай қалған мектеп. Жаңасемейді көркейтуді қолға алу керек. Ол жақта құрылыс тоқтап қалды.

Келесі  ұсынысым, білімді режиссерлер, актерлер келмейді, себебі, тұрғын үй жоқ. Оның үстіне актерлердің айлығы шамалы, айына 70-80 мың. Оған пәтер жалдай ма? Отбасын асырай ма? Жаңа әкімшілік алдына қойылатын мәселенің бірі осы болса керек.

Тағы бір ұсынысым, ерке Ертіс жағалауы бірден көзге түсетін, Семейімізге көрік беретін жер. Бүкіл қаланың жанды жері. Былтыр негізі Семей қаласының жоспары жасалғанда жағалау да ескерілген еді. Егер қолдау болатын болса, қаржы бөлінсе, аралды абаттандыру да сұранып тұр. Келешекте жағалауды аббаттандыру, жағажай жасау, Шығыс кентіне дейін Ертіс жиегінде белесебет жолын жасау қолға алынса.

Материалды дайындаған ТВК-6 компаниясының

ақпараттық қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar