USD524.65EUR552.19RUB5.14

Қала әкімі Бақытжан Байахметовтың тұрғындармен кездесуі жалғасуда

18 шілде 2022, 10:46
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Мирный, Затон, Қарағайлы, Силикатный кенті, Энергетик, Северный, 343 квартал шағын аудандарының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді.
Қала әкімі Бақытжан Байахметовтың тұрғындармен кездесуі  жалғасуда

Қаланың 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары оң динамиканы көрсетіп отыр. Атап айтқанда, даму қорытындыларында өсім байқалады:

- өнеркәсіпте 52% - ға (2021 жылғы 131,1 млрд. теңгеге қарағанда 199,4 млрд. теңге);

- Агроөнеркәсіптік кешенде 43,7% - ға (8,8 млрд. теңгеге қарағанда 12,7 млрд. теңгеге өсті);

- саудада - 12,7% - ға (115,8 млрд. теңгеге қарағанда 130,6 млрд. теңге);

- негізгі капиталға инвестициялар бөлігінде - 10,7% - ға (42,3 млрд. теңгеден 46,8 млрд. теңгеге);

- тұрғын үйді пайдалануға беру 7,9% - ға (67,5 мың шаршы метрден 72,9 мың шаршы метрге дейін).

2021 жылы жылумен жабдықтау объектілеріне жөндеу жүргізілді (оның ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстары, «Дорожник» жылу желілерінің құрылысынан №38 жалпы орта мектепке дейінгі жылу желілерінің құрылысы).

Осылайша, «Орталық», «Ғаббасов», «35 квартал», «103-103А» қазандықтарының қолда бар қуаты 71 Гкал/сағатқа ұлғайтылды.

Ұзындығы 3,57 км оң жағалаудың жылу желілерін ауыстыру бойынша жұмыстар орындалды.

«Дорожник» қазандығынан ұзындығы 1,3 км-ді құрайтын № 38 орта мектепке дейін жылу желілері салынды.

Осы жұмыстардың барлығы 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымын үзіліссіз өткізуге мүмкіндік берді.

Жылу көздерін алдағы жылыту маусымына дайындау үшін ағымдағы жөндеуге қажетті қаражат бөлінді. Кездесуде қала әкімі жүргізіліп жатқан жұмыстар мен аталған шағын аудандарды дамыту перспективалары туралы айтып берді.

Өткен жылы 13 көшеде: Загородняя, Павлодарская, Тәтімов, Водников, Сеитов, Ардагерлер, Городская, Шугаев өткелі, Оборонная, Энергетик кенті, Самрұқ көшесі, Байшешек көшесі (балабақша) жолынан, № 5 мектеп-интернатқа құм-қиыршық тас қоспасын және қиыршық тас себу арқылы грейдерлеу жұмыстары жүргізілді.

Қарағайлы шағын ауданында жалпы ұзындығы 3,4 км кварталішілік жолдар салынды.

6 көше бойынша жөндеу жұмыстары орындалды: Сәтпаев (2 Загородняя көшесінен Омбы-Майқапшағай көшесіне дейін), Қабылбаев (Шугаев көшесінен Жангелдин көшесіне дейін), Северный көліктік-логистикалық орталықтан 1-ші Орамды 6 үйіне дейін, Байсалықов (Дастенов көшесінен Челюскинцев көшесіне дейін), Бегалин (Дастенов көшесінен Челюскинцев көшесіне дейін), Челюскинцев (Бегалин көшесінен Жангелдин көшесіне дейін).

Сондай-ақ, Сеченов көшесі 9/8-ден Энергетик үйіне дейін Байшешек көшесін орташа жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында.

Жобалық сметталық құжат әзірленіп, Омбы-Майқапшағай а/ж бастап «Северный» көліктік-логистикалық орталыққа дейінгі автожол құрылысы бойынша жоба сараптамаға жіберілді.

Таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Аталған шағын аудандарда 20 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетіледі, олар «Смычка» су жинағышынан сумен қамтамасыз етіледі.

Су құбыры желілерінің негізгі бөлігі 70-ші жылдары салынған және су құбыры желілерінің тозуы 66,4% – ды, кәріз желілерінікі - 72,7% - ды құрайды.

Қаланың оң жақ жағалауындағы ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Затон» су қабылдағышы қайта жаңартылды.

Аталған аудандарда 33 су тарату колонкасы орнатылған (Мирный ауданында – 14, Затон ауданында - 19).

2022 жылы «Семей Водоканал» МКК-ны өз қаражаты есебінен Энергетик кентіндегі Жаңа-ауыл көшесіндегі су құбырына күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Қаланың оң жақ жағалау бөлігіндегі жылу қуатының тапшылығын жабу үшін 14,1 Гкал/сағ су жылыту қазандығын орната отырып, «Зооветинститут» қазандығын реконструкциялау бойынша жоба әзірленуде.

Көше жарығын жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Өткен жылы жалпы қала бойынша 188 көше жарықтандырылды, оның ішінде Мирный, Затон, Силикатный кенттеріндегі 3 көше: Тері комбинаты, Матросский тұйық көшесі, Шугаева көшелері.

Жыл соңына дейін 4 көшені жарықтандыру жоспарлануда: 5-ші өткел, 8-ші өткел (Северный кенті); Ақкөл (Мирный кенті), Энергетик көшесін Орталық жолдан соңғы аялдамаға дейін (Энергетик кенті).

2023 жылы аталған аудандарда жарығы жоқ тағы 24 көшені жарықтандыру жоспарлануда, оның ішінде:

- Северный кентінде - 9 көше: Қарағайлы; Грязнова кордонная көшесінен қысқа көшесіне дейін; Грязнова Перездная көшесінен 3-ші проезд көшесіне дейін; Березовая; Кордонная Мичурин көшесінен Грязнов көшесіне дейін; Параллельная; 3 өткел; Юбилейная; Огородная;

- Затон ауданында - 7 көше: Дачная; Потанин; Транспортная; Трудовая; Амбулаторный тұйық көшесі; Асылбек Сейітов; Волочаевская;

 Мирный кентінде - 5 көше: Арычная, Разделная, 1,3,5,7,9,11,13,15,17 Загородная; 2 Ақкөл, Макаренко;

 Энергетик кентінде-2 көше: Крайняя, Сеченов көшесі 9/3,9/4 үйлерге.

- 343 кварталда - 1 көше: «Красный Пильщик» көшесі.

Ағымдағы жылы Шугаев көшесі, 155, 169, 171 үйлердің 1 ауласы (3 үйі) абаттандырылады.

Сонымен қатар, Мирный, Северный және Шугаев 159 мекенжаайындағы көшелерінде  балалар алаңдарын орнатуға келісім-шарттар жасалды.

Энергетик кентінде көпфункционалды алаңды (21.07.2022 жылына дейін өтінімдерді қарау жүргізіледі) орнатуға, сондай-ақ 5 балалар және 5 спорт алаңын орнату бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, оның ішінде:

- Затон ауданының 4 көшесіндегі 4 балалар және 4 спорт алаңдары: Подхозная, Макаренко, Кожкомбинатовская, Сәтпаев 20;

 - Энергетик шағын ауданында 1 балалар және 1 спорт алаңы.

Білім беру саласы бойынша 9 жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс істейді (№ 2, 8, 9, 15, 18,25,26,29) контингенті 8 085 баланы құрайды.

3 мектепте (№2, 9, 25) 1486,5 орындық оқушы орнының профициті, 4 мектепте 327,5 орындық тапшылығы (№8,15, 18, 26) байқалады.

Энергетик, Қарағайлы, Северный, Силикат кенттерінде жалпы білім беретін мектептер жоқ. Балалар № 8, 9, 15, 25, 29 мектептерде білім алады.

Болашақта (2023-2024 жылдар) Қарағайлы ауданында 1200 орындық орта мектеп, 320 орындық 2 балабақша салу жоспарланған. Бір балабақшаға инвестор анықталды (жобалық сметталық құжатты әзірлеуде).

Жолаушылар тасымалы саласында 33 қалалық маршрутқа қызмет көрсетіледі (жоспар - 324 бірлік автобус).

Ағымдағы жылы №17,31,45 3 маршрут қалпына келтірілді.

№ 31 маршрутқа қызмет көрсетуге 3 саяжай (Шығыс кенті) – Химикалық зауыт «Таксомотор паркі» ЖШС-мен шарт жасады, алайда жүргізушілердің болмауына байланысты маршрут қызмет керсетпейді.

№ 45 маршрут «Қарағайлы шағын ауданына -  Томская көшесіне» конкурс өткізілгенге дейін уақытша «Юртаева В.П.» ЖК қызмет көрсетті. 2022 жылғы 25 мамырдан бастап тасымалдаушы маршруттың тиімсіз болуына байланысты осы маршрутқа қызмет көрсетуден бас тартылды. Қазіргі уақытта «Юртаева В.П.» ЖК-мен шарт бұзылды. Бұл маршрутқа қызмет көрсету басқа тасымалдаушыларға ұсынылды.

Қазіргі уақытта Семей қаласы әкімдігінің «Семей қаласының аумағында жолаушылар мен жүк тасымалын автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдаудың маршруттық желісі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу рәсімі жүргізілуде.

Болашақта 7 шағын ауданды белсенді дамыту жоспарлануда.

Болашақта 52 көппәтерлі тұрғын үй, Қарағайлы тұрғын ауданында 1200 орындық мектеп, инновациялық мектеп, мұз модулі, үстел теннисі орталығы, оларға инженерлік желілер жүргізілген 3 балабақша салынады, 5 жылумен жабдықтау объектісін реконструкциялау бойынша жұмыстар, Еуропа қайта құру және даму банкі шеңберінде 30 көшені, Омбы-Майқапшағай автомобиль жолын «Северный» көліктік – логистикалық орталығына дейін жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Есепті баяндамадан кейін Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar