USD491.7EUR531.28RUB5.07

Шығыс кентінде жолды кеңейту жұмыстары жалғасуда

18 шілде 2022, 10:36
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов Шығыс кентіндегі Усть-Каменогорская көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.
Шығыс кентінде жолды кеңейту жұмыстары жалғасуда

Бұл жоба Усть-Каменогорская көшесі бойындағы негізгі магистральға көлік құралдарының жиналуын қысқарту және Чайжунусов көшесінен 6-линия көшесіне дейін өткізу қабілетін арттыру мақсатында әзірленді. Ұзындығы - 2 км-ді құрайды. Мердігерлік ұйым – «Терезе» ЖШС болып табылады.

 Жобаны іске асыру 2022 жылдың  2 мамырында басталды.

Бүгінгі күні Көшкінбаева көшесі мен Аюченко көшесіне шығып, 3-линия көшесіне дейін батпақты бөлік арқылы айналма жолды орнату және нығайту жұмыстары аяқталды. «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ электрмен қоректендіру тірегін ауыстырғаннан кейін айналма жол пайдалануға берілді, ал Усть-Каменогорская көшесіндегі негізгі бағыт бойынша жолдар жабылды. Мұнда жобалық еніне сәйкес жер төсемін орнату бойынша жұмыстар басталды, автобус павильондарын жөндеу, жарықтандыру тіректерін ажырату және демонтаждау жұмыстары жүргізіледі.

«Жоба екі жылдық болып саналады, бірақ қала әкімінің тапсырмасы бойынша жұмысты биылғы жылы аяқтау қажет. Сондықтан да, егер қаражат бөлінетін болса, біз нысанды ағымдағы жылдың қараша айында толық тапсырамыз. Қазіргі уақытта мұнда 20 техника және 50 жұмысшы жұмыс істейді. Жұмыс техникасының жалпы саны шамамен 50-60 бірлікті құрайды», - деді жоба жетекшісі Айдын Қапсаттар.

Айта кетейік, Усть-Каменогорская көшесіндегі жөндеу жұмыстары кезінде «Авторынок» ауданы маңында кабельдер табылған. Қала әкімі Бақытжан Байахметов мердігер ұйымға кабельдердің тиістілігін анықтау үшін Қазақтелеком, Транстелеком, Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы және басқа да компаниялар өкілдерімен кеңес өткізуді және тиісті акт жасауды тапсырды. Бақытжан Байахметовтың айтуынша, жұмыстар кестеге сәйкес жалғасуы тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar