Елдегі эпидахуалдық күрделене басталуына байланысты жиын “бетперде” режимінде өтті. Өңірімізде 2022 жылдың 1-шілдесінен бастап 31 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Олардың 5-еуі инфекциялық стационарда, қалған науқастар амбулаториялық режимде үйде ем қабылдап жатыр.
«Облысымызда 31 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Үрейленуге еш негіз жоқ. Десе де, арқаны кенге салмай, вакцина алған дұрыс. Тұрғындардың қажетті вакцинаны алуына барынша жағдай жасау керек. Ауруын жасырған өледі!
Сондықтан, денсаулық сақтау басшылығына бірқатар тапсырмалар беремін. Жағдайды толық бақылауда керек»,- деді өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният шілде айында вирус жұқтырғандардың көбейетінін айтқан еді. Яғни, бұл инфекциялық аурудың маусымдық өсімі.