USD524.65EUR552.19RUB5.14

Алдағы жылдары Абай облысында бірнеше жаңа аурухана мен емхана пайда болады

15 шілде 2022, 11:23
Нұрлан Ұранхаев облыстың медициналық мекемелерінің басшыларымен кездесті.
Алдағы жылдары Абай облысында бірнеше жаңа аурухана  мен емхана пайда болады

- Біздің бүкіл қоғамды алаңдататын денсаулық сақтау мәселелері аса маңызды. Айта кету керек, біздің облыстың кадрлық әлеуеті жеткілікті, өйткені бізде медициналық  университет және орта медициналық қызметкерлерді оқытатын үш колледж бар. Бұл ретте бізде жеткілікті жоғары технологиялық жабдық бар. Мен Семей мен аудандардың кейбір медициналық мекемелерінде болдым. Әрине, белгілі бір қиындықтар бар – бұл ескірген жабдықтар мен ескі ғимараттар, бірақ жедел медициналық жәрдем ауруханасы сияқты ірі медициналық орталықтар да бар, олар жақсы жабдықталған, - деп атап өтті өңір басшысы.

Дәрігерлер Семейдің екі стационары 19 ғасырда салынған ғимараттарда орналасқанын атап өтті. Қалалық медициналық мекемелердің көпшілігі 30 жыл бұрын салынған бейімделген ғимараттарда жұмыс істейді. Сондықтан кездесудің басты тақырыптарының бірі жаңа медициналық нысандарды салу мәселесі болды.

Биыл Семейде жұқпалы аурулар ауруханасын салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылға бірінші кезектегі міндеттердің бірі – Абай аудандық ауруханасы мен Көкпекті ауданының ауруханасындағы қазандықты күрделі жөндеу.

Жақын арада Семейде көп бейінді балалар ауруханасын, Облыстық қан орталығын, екі үлгілік емхананы, медициналық университет клиникасын, сондай-ақ бүкіл облыстың елді мекендерінде 19 дәрігерлік амбулатория, 44 медициналық және 8 фельдшерлік-акушерлік пункт салу мәселелері шешілетін болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar