
"Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалсын", – делінген Жарлықта.
Дауыс беруді өткізу, сайлау қорытындыларын анықтау және Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімін айқындау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Конституциялық заңның 129-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Үкімет, облыстардың әкімдері Абай, Жетісу және Ұлытау сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.