USD474.83EUR515.38RUB5.5

Күзден бастап қазақстандық жүргізушілерге әкімшілік жаза күшейтіледі

13 шілде 2022, 10:29
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Әкімшілік кодексіне 2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап күшіне енетін түзетулерге қол қойды.
Күзден бастап қазақстандық жүргізушілерге әкімшілік жаза күшейтіледі

Енді мемлекеттік нөмірсіз жүру үшін жүргізуші куәлігінен айырылады. Сондай-ақ, жалған мемлекеттік нөмір үшін, егер құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған болса, бір жылға құқықтан айыра отырып, бес тәулікке дейін қамауға алу қаупі бар.

Жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын жүргізгені, сол сияқты мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (белгісін) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертуге немесе жасыруға мүмкіндік беретін құрылғылар мен материалдарды қолдана отырып жабдықталған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар көлік құралын басқарғаны үшін — бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады және бір жыл мерзімге дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады.

Осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік қамаққа алу жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегіз жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге және жалғыз өзі он төрт жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған еркектерге қолданылмайды. Олар 40 АЕК (122 520 теңге) көлемінде айыппұл төлеп, бір жылға құқығынан айырылады.

Полицейдің көлік құралын тоқтату туралы талабын орындамағаны үшін енді 40 АЕК (122 520 теңге) айыппұл немесе үш тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу қаупі бар. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін - бес тәулікке дейін қамауға алынады.

Құқықтан айырылған жүргізушілерге бұл бұзушылық үшін 60 АЕК (183 780) айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

ФОТО: news.ivest.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar