USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде кеме қатынасы жандануы мүмкін

13 шілде 2022, 10:10
Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев бұрынғы өзен портын аралап көрді. Өңір басшысы мұнда кеме қатынасын жандандыру қажеттігін атап өтті.
Семейде кеме қатынасы жандануы мүмкін

«Мен Ертістегі кеме қатынасын жандандыру ниеті туралы айтқан болатынмын. Кез-келген кеме үшін пирс қажет екендігі белгілі. Бүгін біз бұрынғы өзен вокзалының жағдайын көруді ұйғардық», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Облыс басшысы қалада кеме қатынасын жаңғырту үшін барлық қажетті, ең бастысы - инвесторлар бар екенін атап өтті.

«Бізде ұсыныстар бар, инвесторлар бар. Бұрын Өскемен мен Омбы арасында Семей арқылы біздің мақтанышымыз – «Ракеталар» жүретін. Кеме қатынасын қайта жандандырсақ жақсы болар еді. Иә, менің ойымша, қазірдің өзінде көпшілігін жолдармен жүру шаршатты. Өскеменнен Семейге дейін шлюздеуді есепке алғанда үш жарым сағаттай. Көбісі мінеді деп ойлаймын. Жүк тасымалдарына келетін болсақ - бұл жеке тақырып, оны есептен алып тастамаймыз, бірақ оған басқа инвесторлар қажет болады», - деп түйіндеді Н.Ұранхаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar