USD491.7EUR531.28RUB5.07

Абай облысының әкімі қалалық жағажайды абаттандыруды қолдауға дайын

13 шілде 2022, 10:07
Нұрлан Ұранхаев Ертіс өзенінің жағасында шомылу үшін қауіпсіз аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан аумақты қарап шықты.
Абай облысының әкімі қалалық жағажайды абаттандыруды қолдауға дайын

Аймақ басшысы қалада қауіпсіз жағажай құрудың бастамашысы болған грек-рим күресінен жаттықтырушы Ержан Әмірхановтың тілектерін тыңдап, мәселені қарастыруға дайын екенін атап өтті.

«Мен бала кезімде осында шомылдым және қауіпсіз жағажайдың салынуын қолдаймын. Адамдар суға батып кетпес үшін, облыстың барлық тұрғындарын шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамын. Біз мамандармен кеңесіп, осы бастаманы қолдауға дайынбыз. Ертең жағажайларды абаттандыру мәселесін талқылау үшін мамандарды шақырдым», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar