USD476.62EUR485.53RUB7.96

Өңір басшысы денсаулық сақтау мекемелерін аралады

12 шілде 2022, 15:55
Денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге шығару қажетпіз. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді. Өңір басшысы Семей қаласында орналасқан бірқатар денсаулық сақтау мекемелерін аралады.
Өңір басшысы денсаулық сақтау мекемелерін аралады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Семей медициналық университетінің госпиталі және жедел медициналық жәрдем станциясына барып, нысандардың жұмысымен танысты.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасы 375 төсекке есептелген, 2013 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған. Тәулік бойы шұғыл түрде жұмыс істей отырып, ол тек Семей өңірінің ғана емес, облыстың бірқатар аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

Инсульт пен түрлі жүрек-тамыр ауруларын емдеуге байланысты операциялық араласудың кең спектріне арналған бірегей гибридті ота жасау бөлмесі бар. Сонымен қатар, бұл жерде политравма орталығы жұмыс істей бастады. Гибридті ота жасау бөлмесінде жылына үш мыңға дейін ота жасалады. Олардың ішінде: коронарлық айналып өту, эндоваскулярлық ота және политравма оталар.

Гибридті ота жасау бөлмесін орналастыру аурухана қызметкерлеріне жедел коронарлық синдром және ми қан айналымы бұзылған науқастарға жедел медициналық көмектің барлық спектрін ұсыну қажет болған кезде «алтын сағат» қағидатын сақтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, мұнда ми тамырларында, коронарлық тамырларда, политравмада, тромбоэмболиямен шұғыл оталар жасалады, осылайша асқынулардың дамуына жол берілмейді және өлім мен мүгедектік қаупі азаяды.

Қызмет көрсетілетін қала тұрғындарының саны - 612 925 адамды құрайды. Семей қаласының қызмет көрсету радиусы - 80 шақырым, жақын маңдағы ауылдарды қоса алғанда, Абай облысының қамту аймағы - 550 - 620 шақырым.

Жедел медициналық жәрдем стансасының қызметкерлері балаларға және ересектердің өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайлар, шұғыл жағдайлар, жіті созылмалы аурулар және олардың асқынулары кезінде оқиға орнында, сондай-ақ стационарға барар жолда, оның ішінде төтенше жағдайлар, жаппай апаттар кезінде шұғыл көмек көрсетеді. Медициналық көмек науқастар немесе олардың туыстары қосалқы стансаға тікелей жүгінген кезде де көрсетіледі. Бір тәулік ішінде орта есеппен ЖМЖС 700-ден астам шақыртуды орындайды.

Станса төтенше жағдайларда, түрлі оқиғалар мен аурулар кезінде тұрақты мобильді дайындық режимінде жедел жәрдем көрсетеді.

Стансада 50 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді: 1 реанимациялық бригада, 1 психиатриялық бригада, 3 кардиологиялық бригада, 4 педиатриялық бригада, 37 фельдшерлік бригада және 4 қарқынды терапия бригадасы.

Семей медициналық университеті госпиталінің құрамына стационар, ауысымына 250 келушіге арналған консультативтік емхана кіреді, онда Орталықтың жоғары білікті мамандары және медициналық университеттің профессор-оқытушылар құрамы қабылдау жүргізеді.

Госпитальдің бөлімшелері заманауи тиімділігі жоғары емдеу-диагностикалық жабдықтарымен және аппаратураларымен жабдықталған: газ, электролит, гематологиялық талдауыштар, заманауи рентгенодиагностикалық, ультрадыбыстық аппараттар, эндоскоптар, эндобейнехирургия жабдығы.

Жұмыс сапарын қорытындылай келе Нұрлан Ұранхаев жедел медициналық жәрдем ауруханасы өңірдегі медициналық мекемелердің бірі екенін атап өтті. "Заманауи құрал-жабдықтар бар, сонымен қатар жергілікті мәселелер де шешілетін болады. Жедел жәрдем станциясы бойынша Абай облысының құрылуына байланысты Ақсуат және Көкпекті аудандары қосылды, сондықтан қамту аймағы ұлғаюда, тиісінше қосымша қаржыландыру қажет болады. Бұл мәселелер де пысықталатын болады", - деді Абай облысының әкімі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar