Әділет Нұрсағатұлы 1980 жылы бұрынғы Семей облысының Көкпекті ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001 жылы «БТА Ипотека» АҚ кеңсесінің маманы болып бастады. Ал, 2012 жылы осы ұйымның атқарушы директоры болып тағайындалды.
2013-2014 жж. – «Темірбанк» АҚ Басқармасы төрағасының кеңесшісі, филиал директоры.
2014-2016 жылдар аралығында – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Операциялық департаментінің директоры. Ал, 2016-2017 жылдары - Басқарушы директор.
2017-2021 жж. – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі.
2021-2022 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ филиалы - Сервистік фабриканың Бас директоры (Алматы).
Ә.Н. Қожанбаев Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының «Еңбек сіңірген қаржыгер» қоғамдық орденімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталған.