USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Марат Сандыбаев тағайындалды

12 шілде 2022, 12:52
Облыс әкімінің өкімімен Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Марат САНДЫБАЕВ конкурстық рәсімдер өткізілгенге дейін тағайындалды.
Абай облысының  Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Марат Сандыбаев тағайындалды

Марат Нұрланбекұлы 1965 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина институтын, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, «Алматы Менеджмент Университеті» ОҒҚ бітірген.

Семей қаласының облыстық клиникалық ауруханасының анестезиолог дәрігері болып жұмыс істей бастады.

1996-1998 жылдары-Семей қаласының облыстық онкодиспансері ОМР бойынша директордың орынбасары.

1998-2013 жылдары - Семей қаласының өңірлік онкодиспансерінің директоры.

2018-2022 жылдары - Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының директоры.

Марат Нұрланбекұлы медицина ғылымдарының докторы, «Медицина» мамандығының доценті. Екі монографияның, 183 ғылыми мақаланың авторы, 10 авторлық куәлік және бір инновациялық патенттің иегері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar