Нұржан Нығметоллаұлы М.Әуезов атындағы «Семей» университетінің тарих және география мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Білім беру жүйесінде 2007 жылдан бастап Достық жалпы орта білім беретін орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп бастады.
2010 жылдан 2012 жылға дейін Семей қаласындағы №41 жалпы орта білім беретін мектепте директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2012 жылдан 2014 жылға дейін Семей қалалық білім бөлімінің әдіскері және әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.
2014 жылдан 2022 жылға дейін - Семей қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінің директоры болып қызмет атқарды.