Бақылау басқармасы мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек инспекциясының мәселелерімен айналысады.
Азамат Қайырбекұлы 1976 жылы ШҚО, Самар ауданында туған. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін аяқтаған.
Еңбек жолын Өскемен қаласындағы жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің Халықпен жұмыс жөніндегі маманы болып бастаған. Одан кейін қалалық мәслихат аппаратының нұсқаушысы, ШҚО құрылыс, сәулет және ТҮКШ басқармасының, ШҚО Құрылыс және сәулет басқармасының, ШҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолдарды дамыту басқармасының әртүрлі бөлімдерінің маманы, ШҚО энергетика, ТҮКШ, құрылыс және көлік басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.
2005-2007 жылдар аралығында ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Одан кейінгі жылдарда ҚР Қорғаныс министрлігінің жанындағы «Қазтехнологии» АҚ-тың вице-президенті, басқарушы директордың кеңесшісі болған. «Астана» ӘКК ҰК» АҚ басқарушы директоры лауазымында еңбек еткен.
2021-2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-та экспорттаушылардың шығынын жабу жөніндегі департамент директорының орынбасары болған.