USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Арман Оразғұлов тағайындалды

12 шілде 2022, 12:30
Облыс әкімінің өкімімен Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Арман ОРАЗҒҰЛОВ конкурстық рәсімдер өткізілгенге дейін тағайындалды.
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Арман Оразғұлов тағайындалды

Арман Сарбайұлы 1986 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, «Тұран-Астана» университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітірген.

Кедендік декларант болып жұмыс істеп бастады.

2008-2013 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігінің түрлі бейінді бөлімшелерінің сарапшысы болды.

2013-2014 жылдары-ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті сыртқы сауда келіссөздері басқармасының бас сарапшысы.

2014-2017 жылдары-ҚР Ұлттық экономика министрлігі сыртқы сауда қызметін дамыту департаментінің басқарма басшысы.

2018-2020 жылдары-Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы. 2019 жылы СҚО-да «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын әзірлеуге және құруға қатысты.

2020-2021 жылдары – Солтүстік қазақстан облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, Петропавл қаласы мәслихатының VII шақырылымының депутаты.

2021 жылдан 2022 жылға дейін «Astana» ӘКК АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar