USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Болат Әбдіралиев тағайындалды

12 шілде 2022, 12:25
Облыс әкімінің өкімімен Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Болат ӘБДІРАЛИЕВ конкурстық рәсімдер өткізілгенге дейін тағайындалды.
Абай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Болат Әбдіралиев тағайындалды

Болат Таңсықбайұлы 1976 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Қазфосфат» ЖШС ЖФ вагон аударғыш құрылғысына қызмет көрсету жөніндегі машинист болып бастады.

2003-2006 жылдары - зауыттың аға диспетчері, цех бастығының орынбасары.

2006 жылдан 2008 жылға дейін «Жамбылгипс» АҚ-да жабдықтаушысы, кейін зауыттың техникалық директоры болып жұмыс істеді.

2009-2011 жылдары — «ДО КНИСГ» ЖШС ОҚФ жетекші маманы («Қытай мұнай инженерлік-құрылыс тобы» еншілес ұйымы).

2011-2016 жылдары – «САПАР-Консалтинг» ЖШС директорының орынбасары (Тараз қ.)

2016 жылдан бастап квазимемлекеттік секторда басшылық қызметтер атқарды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar