USD491.7EUR531.28RUB5.07

Абай облысы ауыл шаруашылық және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Анзор Абаев тағайындалды

12 шілде 2022, 12:19
Облыс әкімінің өкімімен Абай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Анзор АБАЕВ конкурстық рәсімдер өткізілгенге дейін тағайындалды.
Абай облысы ауыл шаруашылық және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына Анзор Абаев  тағайындалды

Анзор Абаев Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің жерге орналастыру және кадастр мамандығы бойынша тамамдап, еңбек жолын Астана қаласының басқару институты ректорының көмекшісінен бастады.

2010 жылы Астана қаласының жер қатынастары басқармасына жастар тәжірибесінен өту үшін қабылданып, осы күнге дейін аталған басқармада жұмыс істейді.

Біріктірілгенге дейін Астана қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары болған.

Қызметті қоса ала жүріп, ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі атанып, заңгерлік мамандық алды. Мінсіз жұмысы үшін Анзор Мициевич көптеген алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar