Ержан Мұратбекұлы 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің агроменеджмент мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «АлРун» ЖШС ӨБК мал дәрігері болып бастаған. ҚР АШМ Курчатов қалалық аумақтық инспекциясының ветеринарлық инспекторы және бас ветеринарлық инспекторы болып жұмыс істеді.
2012-2016 жылдары - ҚР АШМ ВКП Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы.
2016-2017 жылдары - ШҚО бойынша «Bioteh Group» ЖШС ветеринарлық сарапшы-аймақтық менеджері.
2018-2020 жылдары - «AVA QAZAQSTAN» ЖШС аймақтық менеджері, 2022 жылдан бастап аймақтық филиалыдың директоры болып қызмет атқарды.