Құжатқа облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов және «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қол қойды.
Кездесу барысында сондай-ақ «Әлеуметтік тұрақтылық индексін» айқындау бойынша Қордың тәжірибесін өңірде қолдану мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптардың уәкілетті өкілдерін, сарапшыларды, консультанттарды және қоғамдастық өкілдерін тарта отырып, бірлескен кездесулер, дөңгелек үстелдер, тренингтер мен семинарлар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Меморандумды іске асыру әлеуметтік-еңбек саласын одан әрі тиімді дамытуға және өңірдегі әлеуметтік бастамаларды іске асыруға бағытталған.