![Екі өңірдің әкімдері аумақты бөлу мәселелерін талқылады](https://i.ibb.co/44QXHNw/293063234-119076747506205-8449614957256665000-n.jpg)
Қазіргі таңда облыстың жаппай біліммен қамту үлесі еліміз бойынша ең жоғары көрсеткішке ие. Жаңа оқу жылының басына дейін Абай облысының көп балалы және аз қамтылған отбасыларының барлық балалары мектеп формасымен, оқулықтармен және барлық қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілетін болады. Денсаулық сақтау объектілері де штаттық режимде өз жұмысын жалғастырады, инженерлік инфрақұрылымға, атап айтқанда, жылыту маусымына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, алдағы уақытта «әлсіз» жерлерді анықтау мен осы бағыттардағы жұмысты күшейту үшін ағымдағы жағдайды толық, егжей-тегжейлі талдау қажет.
Топтың негізгі мақсаты – өтпелі кезеңді үйлестіру, ол үшін қолайлы жағдай жасау. Осы кезеңде, жаңадан құрылған облыстың бюджеті әлі айқындалмаған кезде, тіршілікті қамтамасыз ететін барлық объектілер мен жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ, жаңа өңір үшін маңызды барлық жобалардың аяқталуын қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл – ел Президентінің тікелей тапсырмасы, оны орындау қажет, — деп атап өтті Даниал Ахметов.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз кезегінде ШҚО әкіміне өзекті мәселелерді шешуде жеделдік танытқаны үшін алғысын білдірді.
«Бұл екі облыстың одан әрі жемісті ынтымақтастығына жасалған тағы бір қадам. Бізді көп нәрсе байланыстырады. Біз тату көршілік қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайта беретін боламыз», - деді Нұрлан Ұранхаев.
Бүгін Нұрлан Ұранхаев пен Даниал Ахметов теннис орталығында, «Халифа Алтай» мешітіндегі ислам мәдениеті мұражайында және Өскемендегі жеңіл атлетика кешенінде болды.