– «Семей Bus» және «Семей» автобус парктерінің автобустары бүгінгі күні валидаторлармен толық қамтамасыз етілген. Таксомотор паркіне қатысты айтсақ, онда 60 автобустарда валидаторлар қойылған. Жалпы айтқанда, қаламыздағы автобустардың 70% қазіргі күнде валидаторлармен қамтылған. Қалған 30% - ол жеке ұйымдар, олармен біз қазір ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылап жатырмыз, - дейді «SmartConcept» ЖШС басшысы Куат Аканұлы.
Айта кетейік, электрондық билеттеу жүйесіне кейбір тасымалдаушылар көше алмады. «Таксомотор паркі» өз автобустарын «Семей bus» автобус паркіне бересалғандығы белгілі болды. Оның басты себебі - бұрын өз көлігінде жұмыс істеген немесе автобустарды «Таксопарктен» жалға алған жеке жүргізушілердің мәселесі. Енді осы маршруттардың жұмысына «Семей bus» жауап береді.
Сонымен бірге, электрондық билеттеуді еңгізу мен жол жүру карталарына сұраныс артты.
Бүгінгі таңда 28 мыңға жуық мектеп картасы, 12 мыңнан астам әлеуметтік және 109 835 стандартты карта сатылды.