Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты бойынша, 2022 жылға ұзындығы 60,2 км болатын қаланың 62 көшесін орташа жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта Энергетик шағын ауданы бойынша жұмыстар аяқталу сатысында. Жалпы ұзындығы 14,2 км қаланың 19 көшесінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды: Восточная көшесі, Сәтпаев көшесі, Тұқтыбаев көшесі, Толстой көшесі, Бегалин көшесі (Қаржаубайұлы көшесінен Пархоменко көшесіне дейін), Пархоменко көшесі, Қабылбаев көшесі, Шугаев көшесі, 162 «А» мекенжайы бойынша өрт сөндіру бөліміне кіреберіс жолдары, Аймауытов көшесі, Челюскинцев көшесі, Мәңгілік Ел, Пржевальский көшесі, Байсалықов көшесі, Чехов көшесі, Бегалин көшесі (Дастенов көшесінен Челюскинцев көшесіне дейін), Энергетик шағын ауданы, Жангелдин көшесі, Қабылбаев көшесі (Шугаев көшесінен Жангелдин көшесіне дейін), Ибраев көшесі.
Сол жағалаудағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Қаланың орталық бөлігінде орташа жол жөндеу жұмыстары бойынша конкурс қайта жарияланады.
Асфальттаудан басқа, 2022 жылы жалпы ұзындығы 30 км құм-қиыршық тас қоспасын себумен қаланың 38 көшесін грейдерлеу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 11 шілдесіндегі жағдай бойынша жөндеу жұмыстары 16 көшеде жүргізілді: Ұшақтар кенті, Новостройка көшесі, Суық бұлақ кенті (Цветочная көшесі, Школьная көшесі, Чарская көшесі), Байсалықов көшесі, Бегалин көшесі, Засядко көшесі, Бобровка кентінде (2-тұйық көше, Строительная көшесі), Энергетик шағын ауданынан Сеченов көшесіндегі жаңа үйлерге дейінгі аумаққа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Қаржаубайұлы тұйық көшесі бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай - ақ, қала көшелері бойынша жиектастарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, ұзындығы-3650 б.м. Ескі жол жиектемелерді жөндеу (2000 б.м.) және Қабанбай батыр көшесі бойынша жаңа жол жиектемелерін (1800 б.м.) орнату жұмыстары жүргізілуде.
Қаланың 7 көшесінде (Мәңгілік Ел көшесі, Дулатов көшесі, Беспаев көшесі, Шәкәрім даңғылы, Момышұлы көшесі, Восход кенті (№34 ЖОМ), Қабанбай батыр көшесі) тротуарларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жалпы ауданы 6532 м2 жұмыстар орындалды. Қазіргі уақытта Шәкәрім даңғылы, Восход кенті (№34 ЖОМ) бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Биылғы жылы ескі тротуарларды қайта жөндеу, жаңа жиектастарды орнату, негізді тегістеу және асфальтты толық төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс 15 мамырда басталды. Біз қазірдің өзінде жөндеу жұмыстарын аяқтап жатырмыз. Соңғы көше қалды. Жалпы жұмыстар 7 көше бойынша жүргізілді. Қазірдің өзінде 7 мыңнан астам шаршы жол жөнделді. Міне, бүгін Шәкәрім даңғылы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл біздің жөндеу жұмыстарын жүргізетін соңғы учаске. Аталған аумақтың сол жағында орналасқан жиектастарды жөндейтін боламыз, ал оң жағында жиектастар мүлдем жоқ, біз оны қайта жөндейтін боламыз. Бір апта ішінде аяқтаймыз деп ойлаймын», - деді мердігер ұйымдарының бірінің басшысының орынбасары Найман Атабаев.
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов аталған учаскелерде орындалатын барлық жұмыстарды бақылап, олардың ұзақ мерзімді қызметі үшін пайдаланылатын материалдар сапасының маңыздылығын атап өтті.
Барлық жол жұмыстары қатаң белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.