USD474.83EUR515.38RUB5.5

Облыс колледждеріне түсушілерге арналған гранттар

11 шілде 2022, 16:54
Шығыс Қазақстан облысында (Абай облысында) 2022-2023 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 9690 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі бекітілді.
Облыс колледждеріне түсушілерге арналған гранттар

Оның ішінде:

- Облыстық бюджет есебінен 6 890 орын;

- 9 сынып негізінде талапкерлерді қабылдауға арналған республикалық бюджеттен 2 800 орын.

Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі 9 690 орын төмендегідей бөлінген:

- жұмыс біліктіліктері бойынша-3 940 орын;

- орта буын мамандықтары бойынша - 5 750 орын.

Сонымен қатар, ҚР БҒМ ұсынысы бойынша 2022-2023 оқу жылына мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінен облыстық бюджет қаражаты есебінен 30 колледж бен жұмыс берушілер арасында екі жақты шарт болған жағдайда 1212 орын мақсатты мемлекеттік тапсырысқа жіберілді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 Бұйрығы) ТжКБ ұйымдарына оқуға адамдардың өтініштерін қабылдау жүзеге асырылады:

1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарына, қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарына түсу үшін күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 маусымы аралығында; күнтізбелік жылдың 20 қыркүйегіне дейін;

2) орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына – негізгі орта білім беру базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында;

ақылы негізде-күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында, педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar