USD474.83EUR515.38RUB5.5

Грантқа кім үміткер бола алады?- талапкерлерге арналған ақпарат

11 шілде 2022, 16:08
2022 жылы Қазақстандағы гранттардың жалпы саны 88 мыңнан асады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5 мың грантқа артық.
Грантқа кім үміткер бола алады?- талапкерлерге арналған ақпарат

13-20 шілде аралығында талапкерлер мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыра алады.

Бұл туралы тікелей эфир барысында ҚР Ғылым және білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Джарасова мәлімдеді.

Гранттарды алуға құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия жұмыс істейтін болады. Ережеге сәйкес конкурс нәтижелері 10 тамызға дейін жарияланады.

ШҚО әкімінің гранттары

Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының ресми сайтында 2022-2023 оқу жылына арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен конкурстық негізде білім беру грантын алуға өтініштер қабылдау туралы хабарландыру орналастырылған (ШҚО әкімінің гранты). Оған Абай облысының түлектері де үміткер бола алады.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер ағымдағы жылғы 5-10 тамыз аралығында қабылданады (республикалық бюджет қаражаты есебінен ағымдағы жылғы 13-20 шілде аралығында қабылданады).

Облыстық бюджет қаражаты есебінен жоғары білім алу үшін білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша алған адамдар жіберіледі:

- "Педагогикалық ғылымдар" мамандығы бойынша-кемінде 75 балл;

- "Денсаулық сақтау" мамандығы бойынша-кемінде 70 балл;

- "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария" мамандықтары бойынша-кемінде 60 балл;

- "Бизнес, басқару және құқық", "Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" мамандықтары бойынша-кемінде 50 балл.

Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білім алу үшін білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша алған адамдар жіберіледі кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл.

Қандай да бір мамандыққа үміткерлердің саны тең болған жағдайда "Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында көрсетілген квоталары бар адамдарға, сондай-ақ республикалық және халықаралық конкурстардың, зерттеу жобаларының, спорттық жарыстардың жеңімпаздарына артықшылық берілетін болады.



Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar