USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысында жыл басынан бері 35 көлік өртеніп кетті

11 шілде 2022, 15:50
– Абай облысында биыл 35 көлік отқа оранған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Абай облысында жыл басынан бері 35 көлік өртеніп кетті

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Абай облысында жыл басынан бері 35 көлік өртенді. Соңғы өрт кеше Семей қаласында болған.

«2014 жылғы Chevrolet Сruze маркалы автокөлігінде уақытша тоқтап тұрған кезде от шыққан. Қызыл жалын қозғалтқыш бөлігінің жанғыш бөлшектерін, аспаптар панелін, салонның ішкі қаптамасын шарпыды. Сондай-ақ 4 шаршы метр аумақта жеке заттар жанып кеткен. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды толықтай ауыздықтады», - делінген ақпаратта.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін. Осы ретте, департамент мамандары өңір жұртшылығына автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертті.



Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar