Мұнда жалпы сомасы 207 млн.теңгеге медициналық оңалту жабдықтарының 90-нан астам түрі орнатылған. Арнайы медициналық қызметкерлер Нұр-Сұлтан, Мәскеу және Санкт-Петербургте оқытылды.
Ашылу салтанатына Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов, «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы және т.б. қатысты.
«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қазақстандықтарға үндеуінде 2022 жылды балалар жылы деп жариялады.
Бүгінде Абай облысының барлық тұрғындары үшін маңызды оқиға - перинаталдық орталық базасында балаларды оңалту орталығының және ерте араласу орталығының салтанатты ашылуы болып табылады.
Ана мен баланы қорғау қызметінің даму деңгейі қоғамның әлеуметтік әл-ауқатының индикаторларының бірі болып табылатыны сөзсіз.
Ана мен баланы қорғау - бұл ана мен баланың денсаулығын қамтамасыз етуге, отбасын нығайтуға, ананың дәрежесін көтермелеуге, балаларды тәрбиелеуге, олардың дене бітімі, зияткерлік және адамгершілік жағынан дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-шаралар жүйесі. Баршаңызға денсаулық пен амандық тілеймін!»,- деді Бақытжан Байахметов.
«Қамқорлық» Семей қаласының перинаталдық орталығының неонаталдық және педиатриялық қызметінің басшысы Гүлжазира Дүйсекенова орталық жұмысының жақсы нәтижелерін атап өтті. Мысалы, жарты жыл ішінде балалардың 72%-ы аяққа тұрып, жүре бастады, ал балалардың 55% - ы басын ұстап, 48% - ы еңбектей бастады. Бұл балалардың осындай қысқа мерзімде алған дағдылары болып табылады.
Орталықтар аймақтағы инновациялық болып табылады. Онда нейро-ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебралды сал ауруы бар балаларды оңалтудың әлемдік үздік әдістемелері мен заманауи тәсілдері енгізілген. Мұнда мамандар аурудың ерекшеліктерін ескере отырып, әр баланы қалпына келтірудің жеке бағдарламасын жасайды. Оңалту үшін қозғалыс дағдыларын дамытудың заманауи технологиялары қолданылады, оңалтудың арнайы техникалық құралдары, тренажерлер, аппараттар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер қолданылады.
Оңалту орталықтарында бірегей медициналық жабдықтар - балалардың церебралды сал ауруы және тірек-қимыл аппараты аурулары кезінде омыртқаның және буындардың жүру және қозғалу дағдыларын қалпына келтіруге арналған костюмдер, тренажерлер және жетекші әлемдік өндірушілердің құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар, емдік дене шынықтыру, электроэнцефалография, физиотерапия, жарықпен емдеу, су массажы, логопед және дефектологпен күнделікті жеке сабақтар қарастырылған. Иммерсиялық ванна, механотерапия, эрготерапевт және психолог кабинеттері, сенсорлық бөлме, құрғақ ванна жұмыс істейді.
Ерте араласу орталығының негізгі қызметі дамудың ерте кезеңдерінде (3 айдан 3 жасқа дейін) балаларға кешенді оңалту көмегі болып табылады. Өйткені, 3 жасқа дейін баланың миы пластикалық және оңалту еміне өте жақсы жауап береді. Ол неғұрлым ерте басталса, мүгедектіктің ауырлығы соғұрлым төмен болады және баланың өз ауруынан сауығып кетуге мүмкіндігі жоғары болады. Орталық мамандарының маңызды міндеті - ата-аналармен жұмыс жүргізу, оларға қарапайым күнделікті іс-әрекеттер мен қозғалыстарға үйрету: баланы қалай дұрыс көтеру, тамақтандыру, киіндіру, отырғызу, өйткені оңалтуда ұсақ-түйектер болмайды, әсіресе ерте кезеңде.
Балаларға барлық көмектер (оңалту, педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық) тегін көрсетіледі.
Аталған орталықтардың жататын орыны – 100, оның ішінде 30 тәулік бойы жұмыс істейді.
Жыл сайын оңалту іс-шараларын 1200-ден астам бала ала алады. Қазіргі таңда, орталықта 80 қызметкер жұмыс істейді.
Семей қаласының перинаталдық орталығының «Қамқорлық» неонаталдық және педиатриялық қызметінің басшысы Гүлжазира Дүйсекенова орталықтарға экскурсия өткізді. Мұнда емделіп жатқан науқастардың бірінің анасы орталықты құруға қатысқандардың барлығына, сондай-ақ балаларының игілігі үшін жұмыс істейтін дәрігерлерге алғысын білдірді.
«Бұл орталықтарды ашу балаларға күш пен уақытты ұзақ жұмсауға және акклиматизациялауға ұшырамауға мүмкіндік береді. Біздің балаларымызға әлеуметтенуге және өзін-өзі күту дағдыларын алуға мүмкіндік бергеніңіз үшін рахмет. Менің ұлым сияқты балалар үшін тіпті бір қадам Эверестке көтерілуге ұқсайды. Мен сізге және сіздің орталығыңыздағы мамандарға одан әрі өркендеуді, барлық игілікті, балалардың сауығып кету жолындағы табандылық пен еңбек, ал ата – аналарға - шыдамдылық тілеймін», - деді ата-ана.
Іс-шара оңалтудан өткен балалардың, олардың ата-аналары мен орталық қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламамен аяқталды.