USD474.83EUR515.38RUB5.5

Семейде жылыту маусымына дайындық жоспар бойынша жүргізілуде

08 шілде 2022, 13:34
Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов жылыту маусымына дайындық бойынша штаб отырысын өткізді.
Семейде жылыту маусымына дайындық жоспар бойынша жүргізілуде

Қаланы жылумен жабдықтауды 18 жылу көзі, оның ішінде 17 қазандық және «Теплокоммунэнерго» МКК ЖЭО-1 жүзеге асырады. 76 орталық жылу пункттері бар. Жылу желілерінің ұзындығы 2 құбырмен есептегенде 315,5 км құрайды.

2022-2023 жылдарға арналған күзгі-қысқы кезеңде нормативтік пайдалану қоры 28 535,82 тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда қор толығымен қамтамасыз етілген.

Ағымдағы жөндеу бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде 14 жылу көздеріне жөндеу жүргізіледі: ЖЭО-1 және РК-1.

Барлық жұмыстар ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін аяқталады. Қазіргі таңда, жөндеу жұмыстары өндіріс кестесіне сәйкес жүргізілуде. Кездесуде дебиторлық қарыз жағдайы туралы «Теплокоммунэнерго» МКК басшысы Азат Сарпеков баяндады.

Сондай-ақ, Абай өңірінің «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ директоры Бауыржан Смағұлов алдағы жылыту маусымына энергия объектілерінің дайындығы туралы және «Семей Водоканал» МКК директоры Еркен Сағандықов жылыту маусымына сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің дайындық барысы туралы баяндама жасады.

Қала әкімі Бақытжан Байахметов «Теплокоммунэнерго» басшылығына бір ай мерзімде 181 млн теңгені құрайтын негізгі дебиторлық берешекті өтеуді тапсырды. «Семей Водоканал» МКК бойынша да дәл осындай тапсырма берілді.

Білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко білім беру мекемелерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы хабардар етті.

«Меншікті ғимараттары бар ведомстволық бағынысты 86 мемлекеттік мекеменің 63-і орталық жылуға, олардың 4-і электрмен жылытуға қосылған, пешпен жылытуға қосылғаны - 1 (№24 ЖОМ).

2022 жылы мектеп қазандықтары үшін 12558 тонна көмір сатып алуға 165,124 млн.теңге көзделген. Көмір дер кезінде жеткізіледі.

2022 жылы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 476,0 млн.теңге бөлінді. Соның ішінде №17, №40 жалпы орта мектептерінің шатырын күрделі жөндеу, 36 мекемеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді», - деді білім бөлімінің басшысы.

Отырыста көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығы туралы баяндама тыңдалды.

«Қалада барлығы 1427 көппәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде 1187 үй орталық жылуға қосылған. Қазіргі таңда үйлердің 25% - ы жылыту маусымына дайын. Ағымдағы жылдың 28 тамызына қарай қаланың көппәтерлі тұрғын үйлерінің дайындық паспорттарын 100% дайындау жоспарлануда», - деп хабарлады тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова.

Сондай–ақ, мемлекеттік денсаулық сақтау нысандарының жылу беру маусымына дайындығы талқыланды.

«Семей қаласында 42 мемлекеттік денсаулық сақтау нысаны бар. Оның ішінде орталық жылуға 19 нысан қосылған, автономды қазандықтар - 6, пешпен жылыту - 15 және электрмен жылыту – 2.

21 медициналық нысан көмірмен жылытылады, оның ішінде қалалық - 7 және 14 ауылдық медициналық объектілер бар.

Қазіргі таңда, жылыту жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде», - деді денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы Гүлжан Темірбекова.

Жалпы, бюджеттік ұйымдар мен тұрғындар үшін барлығы 273 252 тонна көмір қажет. Бүгінгі күні білім беру объектілері үшін 164,370 млн.теңге сомасына 12 558 тонна көмір жеткізуге шарт жасалды.

Денсаулық сақтау объектілерінің жылыту маусымына көмірдің қажеттілігі 9 864,7 мың теңге сомасына 695 тоннаны құрайды.

Халыққа 65 мың тонна көмір жеткізілді, бұл жоспарланған 260 мың тоннаның 25%-ын құрайды.

Көмірді сатуды келесі ұйымдар жүзеге асырады: «Жігер» ЖШС – Знаменка тас жолына әкеледі. Құны тоннасына 10 мың теңгені құрайды;  «Семей Көмір» ЖШС 72 кварталда орналасқан, көмірді сату пунктіне жеткізеді. Құны тасымалдау қызметтерін есепке алғанда тоннасына 11 500 теңгені құрайды.

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов ТҮКШ бөліміне ағымдағы жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде халықтың 70%-ын (182 мың тонна) көмірмен қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ішкі саясат бөліміне көмір жеткізу бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.

«Коммуналдық мекемелер апаттық жағдайлар салдарынан бүлінген жылу және су құбырларын ауыстырғаннан кейін, жөндеу жүргізілген аумаққа асфальттау жұмыстарын сапалы жүргізу қажет. Сондай-ақ, барлық қалалықтарды суық ауа райының қолайсыздығына жол бермеу үшін көмірді алдын - ала сатып алуға шақырамын. Бізді қандай қыс күтіп тұрғаны белгісіз, сондықтан ертерек дайындалған дұрыс», - деп қорытындылады Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar