Шекарадан жылдам өту үшін туроператорлар шекарашыларға автобустар, туристер саны және шекараға келу уақыты туралы ақпаратты алдын ала жіберетін болады.
Ұйымдастырылған туристік топтарды жедел өткізу туралы уағдаластыққа екі елдің туроператорлары мен "Жаңа Жол" және "Қарақоға" өткізу бекеттеріндегі қауымдастықтар өкілдерінің кездесуі барысында қол жеткізілді. Бұған дейін туристермен бірге автобустар жалпы кезекте жүретін.
"Көптеген отандық туроператорлар Ресей Федерациясының туристерімен жұмыс істейді, сонымен қатар балалар топтарын жазғы демалыстарға әкеледі. Бүгіннен бастап Шекара қызметінің қолдауымен ұйымдастырылған туристер тобы автобуспен бар-жоғы 40 минутта бақылаудан өте алады. Бұл Қазақстандағы демалысты барынша жайлы етеді", - деді " Атамекен" ҚР ҰКП туризм департаментінің сарапшысы Серік Қасенов.
Сондай-ақ, кездесуде қоқыс шығару, дәретханалар мен жолдардың сапасы мәселелері, атап айтқанда, шекараға кіреберістегі 20 км учаске туралы сөз қозғалды.
Бұған дейін "Атамекен" ҰКП осындай алгоритмді бизнес пен Шекара қызметімен бірлесіп қазақстан-қырғыз шекарасында іске қосқан болатын.