Күн тәртібіндегі басты мәселе Абай облысы әкімдігінің құрылымы мен басқару кестесін бекіту болды.
Басқару схемасына облыс әкімінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттары және 17 облыстық басқарма кірді. Бұл:
- Қаржы басқармасы
- Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
- Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы
- Білім басқармасы
- Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы
- Дене шынықтыру және спорт басқармасы
- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
- Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
- Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
- Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы
- Денсаулық сақтау басқармасы
- Қоғамдық даму басқармасы
- Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
- Бақылау басқармасы (МСҚБ, еңбек инспекциясы)
- Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы
- Мемлекеттік сатып алу басқармасы
- Ветеринария басқармасы
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, болашаққа жоспарлардың іске асырылуы туралы айтып берді.
Семей қаласы әкімінің орынбасары Дархан Жоргекбаев азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша мониторингтік топтың атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Абай ауданының әкімі Нұржан Әбдікәрімов туризмді дамыту перспективалары туралы баяндады, Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов ауданның әлеуметтік дамуы туралы хабарлады.