
Заңсыз айналымнан 62 кг-нан астам есірткі заттары, оның ішінде 60 кг-нан астам "кептірілген марихуана" және 1.5 кг-нан астам "Альфа-PVP" психотроптық заттар алынды. Сондай-ақ, Семей қ. ПБ бойынша ҚР ҚК 296-бабы 1,2,3-бөлігі бойынша 38 есірткі қылмысы құжатталған.
Жасырын қылмыстарды анықтаумен қатар, Семей қаласы полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері қала тұрғындары арасында нашақорлықтың алдын алумен айналысады. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қаланың оқу мекемелерінде 25-тен астам дәріс өткізіліп, есірткіні қолдану салдарының көрнекі мысалдары бар бейнематериалдар көрсетілді.
Жастардың бойында есірткіге қарсы рухты тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шаралар: марафондар, әртүрлі спорт түрлері бойынша турнирлер, суреттер конкурстары және т. б. өткізіледі.
Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың, қаланың жастар-ресурстық орталығының қатысуымен есірткі жарнамасын бояу бойынша рейдтер жүргізілуде.
Баспасөз қызметі УП Семей қ.