USD488.11EUR530.09RUB5.01

Өрт қаупіне байланысты орманға баруға тыйым салынады

07 шілде 2022, 10:16
7 шілдеде облыстың батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК Шығыс Қазақстан филиалы.
Өрт қаупіне байланысты орманға баруға тыйым салынады

Осыған байланысты, ШҚО ТЖД тұрғындарға орманға баруға қатаң тыйым салды. Тыйым департамент оны жойғанға дейін қолданылады.

Ведомствода сондай-ақ орманда тыйым салынатын іс-әрекеттер жайлы еске салды:

жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын лақтыру;

желді ауа-райында от жағу;

тұрақтан шыққаннан кейін отты қараусыз немесе сөндірілмеген күйде қалдыру;

күн шуақты ауа-райында күн сәулесін шоғырландыратын және құрғақ өсімдіктерді тұтататын шыны ыдыстар мен ыдыстарды қалдырмаңыз;

орман алқаптарында,

бақтарда, егістіктерде, ағаштардың астында құрғақ шөпті жағу, қамысты жағу. Осы аталған с-әрекеттерге назар салыңыз.

Егер сіз өртті байқасаңыз, дереу 101 және 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

ФОТО: dostoprimechatelnosti-m.ru

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar