Ағымдағы жылы Степной кентінде жылу желісінің құрылысы жүргізілуде, «Восток-котлы» ЖШС-мен шарт жасалды. Жұмыстарды орындау мерзімі-7,5 ай деп күтілуде.
Жұмыстарды 2 кезеңмен орындау жоспарлануда. Сондай-ақ, 2022 жылдың оқу жылы басталғанға дейін салынып жатқан мектепті жылуға қосу жоспарлануда. 2023 жылы кенттің 17 тұрғын үйін жылуға қосу жұмыстары жүргізіледі.
Жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы - 3804 метрді құрайды.
«Қазіргі таңда, жұмыс кестесі құрылып, жабдықтар мен құрылыс материалдарын жеткізуге шарттар жасалды.
Кентте құрылыс алаңы жабдықталады. Сондай - ақ, құбырдың жер үсті бөлігінің астына тіреулер орнатуға кірісті», - деп атап өтті Бақытжан Байахметов.
2019 жылдың мамыр айында «Семей қаласының Ұшақтар кентінің тарату желілерінің құрылысымен бірге 66-квартал орталық жылу пунктін қайта құру» жобасын іске асыру басталды. «АзияЭнергоПроектМонтаж» ЖШС-мен шарт жасалды.
Жоба №49 мектепті, 280 орындық балабақшаны және 200 орындық қалалық аурухананы жылумен қамтамасыз ету үшін әзірленген.
Әуезов көшесінде (Ø630 - 945 м) құбырларды төсеу бойынша жұмыстар орындалды; Орталық жылу пункті ғимаратына қайта жаңарту жүргізілді; 3 желілік су сорғысы; Орталық жылу пунктінде ыстық сумен жабдықтаудың 2 сорғысы және электрмен жабдықтау орнатылды.
Сондай-ақ, «103 – 103А» қазандығынан «Орталық» қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жалпы ұзындығы-771метрді құрайды.
«Герцен көшесі бойынша УТ-2-ден -22 жылу камерасына дейін d219 мм d530 мм -370 м дейін, УТ - 22 жылу камерасынан Герцен-Уәлиханов көшелерінің қиылысына дейін жылу желісін ұлғайту, d426 мм - 401 м жылу желісін монтаждау жоспарланған», - деді қала әкімі.
Бүгінгі күні Ибраев көшесінен Дулатов көшесіне дейін - 250 м жылу желісі бөлшектелді, сондай-ақ диаметрі 9 мм-ге дейін ұлғайтылатын құбырларды монтаждау жоспарлануда.
Жылу желілерінің инвестициялық бағдарламасы бойынша магистральдан дәнекерлеу құбырларын орталық жылу пунктін - 905, 2Д325*7 мм - 870 м ауыстыру жүргізілуде. П-4 метрден жылу желісін 70 м бөлшектеу және монтаждау жүргізілді.
Жұмыстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек айы деп күтілуде.