Ауылдық округтерде өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында "Ауыл – ел бесігі" арнайы бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол ауылдың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуға, оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізуге бағытталған.
Бағдарламаны тиімді ілгерілету мақсатында 2025 жылға дейінгі жұмыстардың жеке жоспар-кестесі әзірленді. Құжатта қазіргі уақытта түрлі жобалар жүзеге асырылып жатқан Семей қаласының ауылдық елді мекендері туралы мәліметтер бар.
"Ауылдық округ тұрғындарымен әрбір кездесуімде орындалған және ауылдарды абаттандыру бойынша әзірленіп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып беремін. "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша Семей өңірінде бірқатар жұмыстар басталды. Бұл ауылдарға кіреберіс жолдарды орташа жөндеу, су құбыры желілерінің құрылысы, көшені жарықтандыру және т.б.", - деп атап өтті Бақытжан Байахметов.
Кездесу барысында Мұрат ауылының тұрғындары автомобиль қозғалысының шекті рұқсат етілген жылдамдығын шектейтін жол белгілерін орнатуды және жаяу жүргіншілер өткелінің таңбасын анықтауды сұрады.
Қала әкімі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне аталған мәселені шешуді тапсырды.
Сондай-ақ, тұрғындар ауылда көше жарығы мен балалар алаңын орнатуды сұрады.
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен Мұқыр, Прииртышское және Мұрат ауылдарына көше жарығын орнатуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жоба "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған", - деді Бақытжан Байахметов.
Ауыл тұрғындары клуб құрылысын қарастыруды сұрады. Бұл мәселе ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен модульдік эскиздер дайындалғаннан кейін қаралатын болады.
Мұрат ауылында ұзындығы 5,5 км, ал Мұқыр ауылында ұзындығы 3 км кіреберіс жолдарға орташа жөндеу аяқталды.
Мердігерлік ұйымдармен фрезерлеу және асфальт төсеу бойынша арнайы техника жұмылдырылды.