Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің мерекелік сөзінде: "біздің еліміз үшін бұл ерекше мереке, оны атап өте отырып, біз өзіміздің бірегейлігімізді нығайтып, халықтың өзін-өзі тануын оятамыз. Ол Ұлы даланың өзіндік дәстүрлерінің тамырлануына және өскелең ұрпақ арасында туған мәдениетті түсінуді тереңдетуге ықпал етеді".
Осыған байланысты еліміздің шығысында бір апта бойы шығармашылық ұжымдар, балалар мен ересектер Домбыра күнін мерекелеуге белсене қатысты. Облыстың әр бұрышында, ауылдық мәдениет үйлерінде, кітапханаларда, саябақтар мен скверлерде домбыраның үні естілді.
- Қазақтың төл мәдениеті мен өнерін домбырасыз елестету мүмкін емес, осы күнге дейін орындалып келе жатқан күйлерде халқымыздың бүкіл тарихы көрініс тапқан. Жыл сайын халқымыздың рухы мен мінезін бейнелейтін осы аспапты танымал ететін жас домбырашылар, әртістер көбейіп келе жатқаны қуантады. Баршаңызды Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын және әр отбасыңызға шығармашылық, табыс және амандық тілеймін, - деп жазды ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің Instagram-дағы парақшасында.