USD448.15EUR483.46RUB4.86

Ділдәбек Оразбаев Көкпекті ауданының әкімі болып тағайындалды

30 маусым 2022, 14:47
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Абай облысы әкімінің өкімімен Көкпекті ауданының әкімі болып Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы тағайындалды.
Ділдәбек Оразбаев Көкпекті ауданының әкімі болып тағайындалды

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы 1961 жылы 8 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын ғалым агроном және 2009 жылы Алматы экономикалық университетін қаржыгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер ауданының Абай атындағы ұжымшарында (колхозында) механизатор болып бастады. Әртүрлі жылдарда аталған ұжымшарда бас экономист, ұжымшар бригадирі, бас агроном, ұжымшар төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы бойынша салық бөлімінде аға салық инспекторы, «Ағжан-Мағжан» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы, басқарма бастығының орынбасары, департамент директорының орынбасары, басқарма бастығының міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Шығыссушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, Тарбағатай, Аягөз аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.

Көкпекті ауданының әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы қызметін атқарды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar