USD488.11EUR530.09RUB5.01

Абай облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

29 маусым 2022, 16:01
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімі аппаратының басшысы болып Жасұлан Бірлікұлы Сәрсебаев тағайындалды.
Абай облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Жасұлан Сәрсебаев 1986 жылы Семей облысының Аягөз қаласында дүниеге келген.

Заңтану бакалавры, экономика магистрі. Қазақ гуманитарлық-заң университетін және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Жас заңгерлер қауымдастығының Семей қалалық филиалын басқарды.

Мемлекеттік қызметті бас маманнан бастап, ШҚО ішкі саясат басқармасының саяси партиялармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы қызметінен бастады. Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болды.

Әр жылдары ШҚО жастар саясаты, туризм және сыртқы байланыстар, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі басқармаларын басқарды, ШҚО әкімі аппаратының басшысы болды. Осы уақытқа дейін ШҚО ішкі саясат басқармасын басқарды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar