Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын, КАЗГЮУ Университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары ҚР ТЖМ "Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау орталығы" РМК, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" РМК, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында жұмыс істеді.
2012-2016 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі ҚР сауда және интеграция министрлігі) Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді: 2016-2017 жылдары – сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2017-2019 жылдары – сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – хаттама шефі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі.
2019 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметін атқарды.