USD488.11EUR530.09RUB5.01

Есепші қызметін пайдаланып, 4 миллион теңгеден астам қаражатты иемденіп алған

29 маусым 2022, 15:37
Ағымдағы жылдың маусым айының басында Өскемен қ.ПБ Ертіс ПБ-нің «102» жедел арнасына қаладағы ЖШС бірінің филиал басшысының өтініші келіп түсті.
Есепші қызметін пайдаланып, 4 миллион теңгеден астам қаражатты иемденіп алған

Жәбірленуші кәсіпорынның бұрынғы бухгалтері пайдакүнемдік мақсатта өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, ақша қаражатын иемденгенін айтты. Қаскүнемнің әрекеті нәтижесінде ЖШС-ға 4 300 000 теңгеден астам сомаға залал келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады, жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189 – бабы 2-бөлігі- сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar